Казахстан Су Арнасы
 
Ассоциация предприятий
по водоснабжению
и водоотведению
Республики Казахстан
SU ARNASY
SU ARNASY Water Expo Central Asia 2021
X Международная выставка и конференция


16.09.2021

 

«ҚАЗАҚСТАНДА СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ СУ БҰРУ САЛАСЫНДАҒЫ

 КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ»

ЕКІНШІ ПИЛОТТЫҚ КУРСҚА ШАҚЫРУ


 

«CLEANTECH LATVIA» таза технологиялар кластері «Қазақстан Су Арнасы» қауымдастығымен бірлесіп, Еуропалық Одақ қаржыландыратын Қазақстан мен Өзбекстанда жүзеге асырылатын «ENGINE» жобасы аясында екінші пилоттық курсқа қатысуға шақырады.

 

Халықаралық және отандық мамандар «Қазақстандағы сумен жабдықтау және су бұру саласындағы компаниялардың тиімділігін арттыру» атты пилоттық курс дайындады. Пилоттық курстың мақсаты-еуропалық тәжірибені беру және қазіргі заманғы су шаруашылығы компаниясы, оның персоналы, басқару және автоматтандыру технологиялары, оларды кәсіпорында теория мен практикада қолдану және енгізу туралы жан-жақты түсінік беру.

 

Екінші пилоттық курс жоғары және орта буын басшылары мен менеджерлері үшін қарастырылған. Біз сумен жабдықтау және су бұру саласында жұмыс істейтін пайдаланушы кәсіпорындардың, шағын және орта бизнестің, жобалау ұйымдарының өкілдерін күтеміз. Сондай-ақ, қатысуға оқу орындарының, министрліктер мен мемлекеттік органдардың мамандары шақырылады. Пилоттық топта оқу-тегін!                 

 

Оқу бағдарламасына мына сілтеме бойынша көруге болады:

https://cloud.mail.ru/public/Hv16/xWH8v8hNG

 

Оқу кестесіне мына сілтеме бойынша көруге болады:

https://cloud.mail.ru/public/Cfzu/zevYW98Ha

 

Өтініш берушілерге арналған нұсқаулықты мына сілтеме бойынша көруге болады:

https://cloud.mail.ru/public/aY4M/bxpyNup76

 

Тіркеу формасына сілтеме:

https://docs.google.com/forms/d/1ZP33GZiqE0vMvgXSh51rZf0wrMM0rI0o9tK9g44BAec/edit

 

Өтінімдер 2021 жылғы 16 қыркүйектен 27 қыркүйекке дейін қабылданады.

Үміткерлерді іріктеу: 2021 жылғы 28 қыркүйектен 1 қазанға дейін.

Курстың ұзақтығы: 2021 жылдың 18 қазанынан 28 қазанына дейін.

Асығыңыз – орындар саны шектеулі!

 

 

* Пилоттық курс «Central Asia Invest V» бағдарламасы шеңберінде Еуропалық Одақ қаржыландыратын ACA/2019/412-712 гранттық келісімшарт шеңберінде ұйымдастырылды.




назад
№ 9
2021 год
№ 8
2021 год
№ 7
2021 год
Адрес: г. Нур-Султан, пр. Абая, 70А
Тел.: (7172) 52 01 25, (7172) 52 02 54
Сайт: http://kazsu.astanainfo.kz, e-mail: kazsu@astanainfo.kz
Подписной индекс 75523
тираж 1000 экз.